ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 22 қаңтар 2018 15:59
"Сапар табысты болды" - Назарбаев АҚШ-қа сапарының қорытындысы бойынша тапсырмалар берді
Мемлекет басшысы Н?рс?лтан Назарбаев Америка ??рама Штаттарына ресми сапарыны? ?орытындылары ж?нінде ке?ес ?ткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының қорытындылары жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков, Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов, Президенттің көмекшілері Нұрлан Онжанов пен Әлихан Смайылов қатысты.
Мемлекет басшысы АҚШ-қа ресми сапарының аясында өткізілген кездесулерді қорытындылап, қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін бірқатар нақты тапсырма берді.
"Сапар табысты болды. Ең бастысы, нақты мәселелер бойынша нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті шетелдік компаниялармен экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, дамыту жөніндегі міндеттерді іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу