Сапарбаев Ақтөбедегі "алтын" көпірге наразылық білдірді

Ақтөбедегі жобаланған көпір

А?т?бе облысыны? ?кімі Бердібек Сапарбаев А?т?бедегі т?р?ын ?йлерді? біріні? алдында салынатын ?те ?ымбат к?пірді? ??рылысына наразылы? білдірді, - деп хабарлайды Time.kz.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбедегі тұрғын үйлердің бірінің алдында салынатын өте қымбат көпірдің құрылысына наразылық білдірді, - деп хабарлайды Time.kz.

Басылымның мәліметінше, осы жылдың сәуір айында қала билігі Ақтөбеде жол үстімен өтетін үш көпірдің салынатынын мәлімдеген. Олар "Балдырған" дүкеніне жақын жердегі "Ақтөбе Ажары" 25 қабатты тұрғын үйлерінің алдында салынады. Алайда, осы нысандардың құрылысына жұмсалатын қаражатты білген өңір басшысы жобалардың құнын төмендетуді тапсырды.

"Сіздер маған жаяу жүргіншіге арналған көпірдің құрылысына 120-140 миллион теңге жұмсалатынын үнемі айтасыздар. Сіздер оны бір жыл бойы жобалап жатырсыздар. Таразда осындай көпірді 32 миллионға салды. "Бұл туралы "Казправдада" жарияланды. Сіздердің құрылыстарыңыз алтын ба?", - деді Сапарбаев қала құрылысы кеңесінде шенеуніктерге қарата.

Реклама
Реклама


Тараздағы көпір. © Time.kz

Сәулет саласының шенеуніктері 140 миллион теңгенің көп бөлігі коммуникациялық желілерді ауыстыруға жұмсалатынын мәлімдеді. Осыдан кейін әкім "қаражатты үнемдеп, жылдаырақ жұмыс істеуді тапсырды".

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама