24 маусым 2019 11:39

Сапарбаев: атаулы әлеуметтік көмектің өсуі сайлауға қатысты емес

Дина Муратова Редактор

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмектің өсуі Қазақстанда өткен президенттік сайлауға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмектің өсуі Қазақстанда өткен президенттік сайлауға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің халыққа есеп беру кездесуінде атаулы әлеуметтік көмек туралы мәселе қозғалды. 

Реклама
Реклама

"Сайлауға дейін әлеуметтік желіде атаулы әлеуметтік көмектің берілмейтіні жайлы хабарлама тараған еді. Бұл рас па?", - деген сұрақ болды. 

"Тағы да қайталап айтқым келеді. Ең бастысы биылға 130 миллиард теңге бөлінді. Осыған дейін 67 миллиард теңге бірінші жартыжылдықта жұмсалғанын мәлімдедім. Атаулы әлеуметтік көмектің сайлаумен еш байланысы жоқ. Бізде барлығын сайлаумен байланыстырғанды ұнатады", - деді Сапарбаев.

Осыған дейін министр бүгінгі күнге дейін 277 отбасы атаулы әлеуметтік көмекті алып жатқанын айтқан. Бұл 1 миллион 333 мың адам. Оның ішінде 920 мыңы бала.

Айта кетейік, кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтті. Сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жеткен.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram