21 ақпан 2020 | 20:21

Сапарбаев Қордай ауданының жаңа әкімін тағайындады

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Президент Әкімшілігі мен аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Тараз қаласының бұрынғы әкімін Қордай ауданының әкімі қызметіне тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Президент Әкімшілігі мен аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Тараз қаласының бұрынғы әкімін Қордай ауданының әкімі қызметіне тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Сапарбаев жаңа басшыны аудан активіне таныстырып, оның алдына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту бойынша бірқатар міндет қойды.

Реклама
Реклама

"Біз мұнда тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлығын жасадық. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы. Заңды кім бұзады, заң алдында жауап береді", - деді Сапарбаев.

Сондай-ақ, Қордай ауданының жаңа әкіміне көктемгі дала жұмыстарына дайындықты бақылауға алу, білім беру және медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту, жастар арасында тәрбие жұмысын күшейту жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Сонымен қатар, Сапарбаев аудан тұрғындарын есту мен арандатушылыққа сенбеуге, ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Рүстем Рысбайұлы Дәулет - 1974 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1996 жылы "Элтекс" Жамбыл жоғарғы кәсіпкерлер мектебін "маркетинг және коммерция", 2003 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын "мемлекеттік басқару" және 2010 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1994 жылы "Бостандық" акционерлік қоғамында жұмысшы болып бастаған.

1995-2000 жылдары Талас ауданы Бостандық ауылдық округі әкімінің орынбасары, әкімі,  2000-2002 жылдары Қаратау қаласы әкімінің орынбасары, 2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында тыңдаушы болған.

2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппаратының консультанты, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда Комитетінде басқармасы бастығы, 2004-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасы орынбасарының, Сенат депутатының көмекшісі, 2011-2013 жылдары Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, 2013-2015 жылдары Жамбыл ауданының әкімі және 2015-2017 жылдары Шу ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

2017 жылы ол Тараз қаласының әкімі қызметіне келген. 2018 жылдың сәуірінен бастап ол Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі болған. Ал былтырғы сәуірден бері Жамбыл облысы әкімі аппаратын басқарған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная