31 қазан 2019 | 14:54

Сапарбаев Токиода өтетін Олимпиада ойындарына дайындық мәселелерін талқылады

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңеске қатысушылар бұқаралық спортты дамытудың одан әрі дамыту шараларын, ұлттық құрама командалардың 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындары мен Паралимпиада ойындарына дайындығы және басқа да өзекті мәселелерді талқылады.

Реклама
Реклама

Кеңесте ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Ұлттық Олимпиада комитетінің спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов, Ұлттық Паралимпиада комитеттің атқарушы директоры Ерлан Сүлейменов, сондай-ақ, спорт федерацияларының өкілдері мен ұлттық құрама командалардың бас жаттықтырушылары сөз сөйледі.

"Өздеріңіз білетіндей, ел басшылығы бұқаралық спортты және жоғары жетістіктер спортын дамыту жөнінде нақты міндеттер қойды. Бұқаралық спорт саласындағы басым бағыт - ел халқының жүйелі дене шынықтырумен және спортпен айналысуын арттыру. Биыл бұл көрсеткіш 30 пайызға жетуі керек", - деді Сапарбаев.

Сонымен қатар, ол 2020 жылғы Олимпиада ойындарына лицензиялардың аз алынғанына назар аударды.

"Олимпиада ойындарына 8 ай қалды, біздің спортшылар 21 лицензия жеңіп алды. Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға дейін бізде осындай уақытта 45 лицензия болған. Сіздердің алдарыңызда кем дегенде 100 лицензияны жеңіп алу міндеті тұр", - деді вице-премьер.

Райымқұлованың айтуынша, елімізде 38 мың спорт ғимараты бар, оның ішінде 27 мыңы - білім беру нысандары, 11 мыңы - спорт нысандары. Статистикаға сәйкес, 5,5 миллион қазақстандық дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысады.

Министр бұқаралық спортты дамытуға кедергі келтіретін мәселелердің қатарында нұсқаушылар мен әдіскерлердің жетіспейтіндігіне тоқталды. Әсіресе, Ақмола облысында мамандар жетіспейді.

"Спорттық құрал-жабдықтармен жарақтандыруды да жақсарту артық етпейді. Біздің мәліметтеріміз бойынша мектептердің тек 66%-ы ғана арнайы спорттық жабдықтармен жарақтандырылған", - деді ол.

Өз кезегінде Е. Қанағатов Токио Олимпиадасында 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы ойналатынын айтты. Алғаш рет 5 спорт түрі қосылды, атап айтсақ: каратэ, құзға өрмелеу, бейсбол, скейтбординг және серфинг.

"Рио-де-Жанейродағы Олимпиададан кейін алдағы Олимпиада ойындарына дайындық бойынша кешенді шаралар әзірленді. Ең алдымен, біздегі әлсіз позициялар бар салаларға назар аудардық - бұл спорт медицинасы және спортшылардың жаттығуы үшін жағдай жасау. Қазір спорттың барлық түрлерінде құрама командаларда дәрігерлер, массаж жасаушылар, диетологтар және басқа да мамандар бар, олар жаттығу жиындары мен жарыстарда командаларды сүйемелдеп жүреді. Бүгінде біз 100-ден астам спорт медицинасы мамандарын тарттық, олар жаттықтырушылар құрамымен бірге ұлттық құрама командаларды дайындауға қатысуда", - деді Е. Қанағатов.

Оның айтуынша, допингке қарсы жұмысқа ерекше назар аударылады. Осы тоқсанның өзінде 15 семинар өткізілді. Қазақстанның ұлттық допингке қарсы орталығымен белсенді ынтымақтастық орнатылған.

Биыл қазақстандық спортшылар әлем чемпионаттарында рекордты 19 медаль жеңіп алды, бұл жақсы әлеуеттің барын көрсетеді.

Кеңесті қорытындылай келе, вице-премьер барлық мүдделі тараптардың өзара әрекеттесуі қажет екенін атап өтті.

"Бейінді министрлік, ұлттық олимпиада комитеті, федерациялар және өңірлер арасында тығыз өзара іс-қимыл орнауы керек. Сонда біз жақсы нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Сонымен қатар, бұқаралық спортты дамытуға белсенді араласу қажет. Қазақстанда 11 мыңнан астам спорт нысаны бар, мектептердің 86 пайызы спорт залдарымен жабдықталған. Болашақ чемпиондарды тәрбиелеу үшін балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту қажет, халық арасында спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау керек. Барлық мүмкіндіктер жасалған. Үкімет федерацияларды үнемі қолдап келді және одан әрі қолдай бермек. Біздің басты міндетіміз - Токио Олимпиадасында Қазақстанды лайықты түрде көрсету", - деп түйіндеді Сапарбаев.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная