09 ақпан 2020 01:23

Сапарбаев түнде Қордай ауданындағы төрт ауылды аралады

Фото: primeminister.kz

Сенбі күні түнде Бердібек Сапарбаев Сортөбе, Масанчи, Қаракемер, Қарасу елді мекендерін аралап шықты. Сонымен қатар вице-премьер Қарасу және Сортөбе шекара пункттерінің, оның ішінде сантарлық-эпидемиологиялық қызметтердің жұмыс барысын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Реклама
Реклама

Сапарбаев аудандағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құқық қорғау органдарының жеке құрамымен сөйлесті. 

Елді мекендердегі жағдай бірқалыпты. Күндіз жергілікті тұрғындарға енді тәртіпсіздіктің болмайтыны, жағдайдың бақылауда екені айтылған болатын. 

Көшелерде адамдар мен машиналар жоқ, ауылдардың арасында да еш қозғалыс байқалмайды. Нұр-Сұлтан қаласынан барған Үкімет комиссиясы жергілікті жердегі жағдайды бақылау үшін Қордай ауданында қалады.  

Еске салайық, 7 ақпанда Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындардың арасында жаппай төбелес болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұзақылықтан туған қақтығысты арандатқысы келгендер туралы айтты. Қордай ауданындағы оқиғаның салдарынан 8 адам қаза тауып, тағы 40 адам зардап шеккен. 

Ал 8 ақпанда Қордай ауданында төтенше жағдай режимі жарияланады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram