09 сәуір 2019 11:21

Сапарбаев ұлының мансабы жайлы: Менің қатысым жоқ

© Tengrinews.kz фотоколлажы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ұлы Жансұлтан Сапарбаевтың мансабы жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ұлы Жансұлтан Сапарбаевтың мансабы жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Менің ұлым Қазақстан азаматы ретінде конституцияға сәйкес құқылы. Бұл оның таңдауы, ол дербес адам. Менің қатысуым туралы айтар болсақ, менің қатысым жоқ. Менде мұндай әдет жоқ. Ол мемлекеттік қызметті таңдады, бәрі өзіне байланысты. Жақсы жұмыс істейтін болса - мансаптық өсу де болады", - деді Сапарбаев журналистерге.

Реклама
Реклама

Осыған дейін, Жансұлтан Сапарбаев жаңа қызметке тағайындалғаны туралы хабарланды. Ол елордалық аудандардың бірінің әкім орынбасары болды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram