1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Сапасыз жұмыс үшін сөгіс алған "Астана LRT" басшысы орнынан босатылды27 шілде 2017, 17:05

youtube.com/ҚР премьер министрінің сайты youtube.com/ҚР премьер министрінің сайты

"Астана LRT" ЖШС-ның басқарма төрағасы Талғат Ардан қызметінен босатылды. Бұл ақпаратты Астана әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мұның алдында қала әкімі Әсет Исекешев Астанадағы теміржол вокзалы маңындағы автотұрақтың дұрыс ұйымдастырылмағаны үшін Талғат Арданға сөгіс айтқан болатын. 

Астана қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы жанындағы "Астана LRT" ЖШС Елорданың жаңа көліктік жүйесі, көліктік жүйені модернизациялау; көлік саласындағы инновациялық жобаларды іске асыру және жаңа технологияларды пайдалану; көлік және инфрақұрылымды басқару сияқты жобаларды жүзеге асырумен айналысады. 

"Астана LRT" ЖШС құрамына 3 филиал кіреді: Астана қаласы Көлікті диспетчерлендіру орталығы, көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығы және Көліктік бақылау қызметі.