ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қыркүйек 2017 | 16:25
Сәпиев Астанадағы төтенше жағдай туралы: Баршаңызды сабырға шақырамын!
Олимпиада чемпионы, депутат Серік Сәпиев Астанадағы шетелдік жұмысшылардың қақтығысына байланысты елорда тұрғындарын сабырға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Олимпиада чемпионы, депутат Серік Сәпиев Астанадағы шетелдік жұмысшылардың қақтығысына байланысты елорда тұрғындарын сабырға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Түнде "Абу-Даби Плаза" кешенінде орын алған оқиға көңілге қаяу түсіреді. Жұрт дүрлікті. Осыған орай әкімшілікте арнайы комиссия құрылды. Ұстағандар босатылып жатыр. Сол бойда ашулы топ алдына Астана әкімі Асет Исекешев шықты. Мәселе дұрыс шешіледі деп сенемін. Жағдай біздің де назарымызда. Комиссия қорытындысын күтейік! Баршаңызды сабырға шақырамын!", - деді Серік Сәпиев.
Еске салайық, кеше, 2 қыркүйекте құрылысы жүріп жатқан "Әбу-Даби Плаза" кешенінде 20.35-те Үндістан азаматтары мен жергілікті жұмысшылар мен күзетшілердің арасында кішігірім келіспеушілік болған. ҚР Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың хабарына қарағанда, қақтығыс күзетшінің Үндістан азаматын мас күйде нысаннан шығаруға қарсы болғандығынан шыққан. Кейін ол отандастарын шақырып, күзетшіні ұрып-соққан, жергілікті жұмысшылар оған жақтасқан, салдарынан төбелес болған, оған шамамен 30 адам қатысқан. Оқиға орнына Үндістанның Қазақстандағы елшісі, жергілікті билік пен компания өкілдері келді. Ішкі істер органдары мұндай тәртіпсіздік пен төңкерістердің алдын алу үшін шаралар кешенін жүргізді.
Показать комментарии
Читайте также