Саранда танкіге Z белгісін жазып кеткен ер адам ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Facebook / Айсұлтан Жақыпов

Қарағанды облысының полицейлері Саран қаласында танкіге Z белгісін жазып кеткен ер адамды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысының полицейлері Саран қаласында танкіге Z белгісін жазып кеткен ер адамды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жазудың авторы 54 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

"Шешім қабылдау үшін материал сотқа жөнелтіледі", - деді Қарағанды ​​облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Ұсақ бұзақылық жасаған адамға 5 АЕК (15 315 теңге) көлемінде айыппұл салынады немесе он тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды ​​облысының Саран қаласында белгісіз біреулер танкіге Z белгісін жазып кеткені туралы хабарланған болатын. Танк Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларға арналған мемориал маңына қойылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама