10 тамыз 2022 | 14:23

Саранда танкке Z белгісін қойған тұрғын 7 тәулікке қамалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Айсұлтан Жақыповтың Facebook парақшасынан

Саран тұрғыны танкке Z белгісін қойғаны үшін жеті тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Саран тұрғыны танкке Z белгісін қойғаны үшін жеті тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы материалды Саран қалалық соты қарады. Құқық бұзушыға ӘҚБтК-нің 434-бабы "ұсақ бұзақылық, яғни тұрғын үй-жайларды бүлдіру және айналасына құрметсіздік білдіретін, қоғамдық тәртіп пен жеке адамдардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер" бойынша айып тағылған.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалды Саран қаласының полиция бөлімі дайындады. 29 шілде сағат 04:11 шамасында құқық бұзушы қоғамдық жерде, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысының батырларына арналған орында танк ескерткішінің мұнарасын Z белгісімен бояған. Сот 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде жаза қолдану туралы қаулы шығарды", - деп хабарлады Саран қалалық сотының баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінің санкциясы 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды немесе 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуды көздейді.

Сот қаулы шығарған кезде кінәлінің жеке басын, құқық бұзушылық жасалғанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, кінәсін мойындауын және жасаған әрекетіне өкінуін, жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескерді.

Еске салайық, осыған дейін Қарағанды облысының Саран қаласында белгісіз біреулер танкке Z белгісін салғаны туралы хабарлаған болатынбыз. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная