05 ақпан 2024 | 10:43

Сарапшы алуға тұрмайтын 6 несиені атады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтардың көпшілігін несиесіз елестету мүмкін емес. Дегенмен, олардың арасында алмай-ақ қойған дұрыс болатын несие түрлері де бар. Мұның мән-жайын Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтардың көпшілігін несиесіз елестету мүмкін емес. Дегенмен, олардың арасында алмай-ақ қойған дұрыс болатын несие түрлері де бар. Мұның мән-жайын Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.

Қазақстандағы ең танымал несиелердің бірі – тұтынушылық несиелер. Адамдар оларды үйлену тойы сияқты қандай да бір отбасылық мерекелерді тойлауға жиі алып жатады. Несие брокері Дмитрий Колесников бұл үшін банкке бармас үшін алдын ала мұқият ойлануға кеңес береді.

"Өкінішке қарай, қазіргі уақытта неке 10 жылға дейін берілетін несиелерге қарағанда қысқа болуы мүмкін. Сондай-ақ, саяхатқа шығу үшін несие алудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Демалысқа шыққанда өз ақшаңа шыққан дұрыс. Оның үстіне Қазақстанның табиғаты өте әдемі", - деді маман.

Реклама
Реклама

Көбінесе қазақстандықтар несиені достарына немесе туыстарына алып береді – олардың сұрауы бойынша. Мұндай несиелерді алу ұсынылмайды: жақын адамдарыңызбен қарым-қатынасыңыз бұзылып, қарызды өз мойныңызға алуға тура келуі мүмкін.

"Қарапайым жағдай: егер адам өзіне несие ала алмаса, бұл оның несие тарихын құртып қойғанын білдіреді. Ал, оған сіздің несие тарихыңызды бұзу да қиын емес. Мен бірнеше адамды білемін. Өздері алмаған несиені төлеп жатыр. Бірақ оны төлек керек, оны сізден сұрайды", - деп ескертті Колесников.

Сондай-ақ, несиеңізді жабу үшін жаңа несие алмау керек.

"Сіз бұған дайын болмағаныңызды ескере отырып, мұны бір рет жасауға болатын шығар. Дегенмен, бұл жағдайдың қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек. Бұл үлкен мәселенің жиналуы. Мұндай несиелерді қаншалықты жиі алсаңыз, соғұрлым артық төлем жасайсыз", - деді несие брокері.

Қажетсіз несиелердің тағы бір түрі - шағын несиелер. Бұл төлем әлдеқайда артық болатынына ғана байланысты емес.

"Ерте ме, кеш пе, сізге қомақты несие алу қажет болуы мүмкін. Мысалы, үй немесе пәтеріңізді кепілге қойып, 10 миллион теңге алғыңыз келеді. Банкке бардыңыз, онда маман сіздің несие тарихыңыздан ай сайын бірнеше шағын несие алатыныңызды көреді. Бұл сізде қолма-қол ақшаның жетіспеушілігі бар дегенді білдіреді. Кейбір банктердің бағдарламаға келесі ережені енгізгені қисынды: егер сізде үш микронесиеден көп болса, сіздің өтініміңзден бірден бас тартады", - деп түсіндірді сарапшы.

10 жылдан аса мерзімге несие алмау керек. Маман оңтайлы кезең жеті жыл деп атады. Бұл қарапайым математика мәселесі.

"Мысалы, жылдық 20 пайыздық мөлшерлемемен 20 миллион теңгеге несиені алайық, егер бірдей шарттар мен әртүрлі шарттардағы төлем кестелерін салыстыратын болсақ, мынаны көреміз:

  • 7 жыл ішінде төлем 444 мың теңге, артық төлем – 17,3 миллион;
  • 10 жылға – 386 мың теңге, артық төлем – 26 миллион;
  • 15 жылға – 350 мың теңге, артық төлем – 43 миллион.

Көріп отырғаныңыздай, 10-15 жыл аралығындағы ай сайынғы төлем айырмашылығы байқалмайды, бірақ артық төлемдегі айырмашылық өте үлкен", - деп есептейді Дмитрий Колесников.

Кәсіпкерлер өтелу мерзімі жеті жылдан асатын жобаларға несие алмауы керек. Оның себебін қарапайым есептеулер арқылы түсіндіруге болады.

"Мысалы, мейрамхананы 1 миллиард теңгеге сатып алуды шештіңіз, несиеге. Айтпақшы, бұл болған жағдай. Бұл жоба қанша уақытта өзін ақтайтынын есептеуге қорқамын. Шамамен 30 жыл ма? Өтеу үшін. Жеті жылдан кейін ол жерде апта сайын 500, адам басына 200 мың теңгелік банкет өткізу керек. Мүмкін бұл болатын шығар, бірақ тәуекел жоғары", - деп түйіндеді маман.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная