ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қыркүйек 2022 | 18:02
Сарапшы балаларға арналған жаңа бағдарлама туралы пікір білдірді
Тәуелсіз қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы аясында 18 жасқа толған балалардың есепшотында қанша ақша жиналуы мүмкін екені туралы өз пікірін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Тәуелсіз қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы аясында 18 жасқа толған балалардың есепшотында қанша ақша жиналуы мүмкін екені туралы өз пікірін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, 18 жасқа дейін балалар қанша ақша жинай алатынын ешкім болжай алмайды.
"Біріншіден, қор нарығы. Ұлттық қорымыз облигацияларға, акцияларға және басқа да бағалы қағаздарға инвестицияланады, ал қор нарығының өсу, құлдырау ерекшелігі бар. Мысалы, биыл олар құлдырап жатыр. Табысқа ешкім кепілдік бере алмайды және болжай алмайды.
Мысалы, Норвегиялық қор (Норвегияның Мемлекеттік зейнетақы қоры, әлемдегі ең ірі егеменді қор – еск.) биыл рекорд 144 миллиард доллар шығын көрсетіп отыр. Бұл көп. Ал шығын болса, бұл инвестициялық кіріс мүлде жоқ дегенді білдіреді", - деді Андрей Чеботарев.
Бұл ретте Чеботарев демографияның өсуін ұмытпауға кеңес береді, бұл бағдарламаның жүзеге асуына әсер етуі мүмкін. Сарапшы балалардың жинақтары бойынша болжамды есептеу жасаған.
"Біздің болжамды есептеулеріміз бойынша, инвестициялық кірістің жинақталуы жылына 720 миллион доллар болады. Егер қазіргі балалар санына бөлсеңіз және оның (инвестициялық кіріс) шамамен өзгеріссіз қалатынын есептесеңіз, 18 жасқа дейін ол үш мың доллардан сәл аз шығады. Бірақ көбісі ұмытып кететін екінші өте маңызды нәрсе бар. Қазір Ұлттық қордан көп қаржы алып жатыр. Кейінгі сегіз жылда алғаш рет биыл Ұлттық қордан салған қаржыдан аз қаражат алынды. Кейінгі 8 жылда Ұлттық қорды жүйелі түрде жеп келеміз. Бұл өзіміз инвестициялық кірісті төмендетеміз деген сөз. Менің ойымша, бұл, негізінен, өте қызық қадам, ол Ұлттық қорды ақшалай алғанда соншалықты көп шығынға ұшыратпайды - жылына 720-800 миллион доллар аймағында", - деп есептейді Чеботарев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также