10 қаңтар 2020 | 17:00

Сарапшы Bek Air ұшағының апатқа ұшырауының негізгі нұсқасына қатысты пікір білдірді

Қазақстандық авиация ардагері Дмитрий Душимов Bek Air ұшағының апатқа ұшырауының негізгі нұсқасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық авиация ардагері Дмитрий Душимов Bek Air ұшағының апатқа ұшырауының негізгі нұсқасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Мұның алдында премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Bek Air ұшағының апатқа ұшырауының негізгі нұсқасы деп әуе кемесіндегі мұз қатуы себеп болғанын айтқан еді.

Реклама
Реклама

Сарапшының айтуынша, мұздануға қарсы арнайы сұйықтық ұшақ командирінің өтінімі бойынша қолданылады. Сарапшы ұшақ қанаттарын өңдеу туралы шешім оның нақты жағдайына байланысты қабылданғанын атап өтті.

"Ұшақ қанатында мұз болса, оны өңдеу керек. Ал жоқ болса, болжамдар бойынша ыңғайлайды. Ылғалдық пен тұманның салдарынан қанаттағы мұз қалыңдай береді. Сондықтан одан әрі қанат қатып, ауа ағынынан ұшақтың беті бұзылады. Осыдан ұшақтың динамикалық сапасы мен басқа да салдары нашарлайды", - деді Душимов.

Ол әуекомпания ұшақтың қанаттарын өңдеу арқылы немқұрайдылық танытты және шығынданғысы келмеген деген болжам айтты. 

Еске салайық, 27 желтоқсанда Алматыдан ұшып шыққан 93 жолаушысы бар Bek Air ұшағы радардан жоғалып кетіп, әуежай маңына құлаған болатын. ІІМ мәліметі бойынша апат салдарынан 12 адам қаза болған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная