ПОДЕЛИТЬСЯ
03 желтоқсан 2021 | 13:22
Сарапшы: Жеткілікті шек деңгейін көтеру ең нашар шешім
Қазақстанда зейнетақы жинағын алудың жеткілікті деңгейі айтарлықтай өскеніне сарапшылар пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда зейнетақы жинағын алудың жеткілікті деңгейі айтарлықтай өскеніне сарапшылар пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаржы талдаушысы Андрей Чеботарев жеткілікті шегін арттыру дұрыс емес шешім екендігіне дәлелдер келтірді.
"Шынымды айтсам, соңғы уақытқа дейін біз бұл шешім қате, сондықтан мұндай заң қабылданбайды деп ойладық, бірақ... бәрі шынымен де, солай болды. (...)
Ешкім ешкіммен заң қыблданатынын талқылаған жоқ. Ешкім еш жерде жариялаған жоқ. Оны еш жерде ешкім нақтылаған жоқ. Бұл қордың да, зейнетақы жүйесінің, бүкіл коммуникациялық саясаттың сәтсіздігі.
Мұндай өсім алу бағдарламасын жауып тастамайды, ол енді байдың одан сайын бай болуына, ал кедейлердің кедейлене түсуіне ықпал жасайды. Егер бұрын салымшылардың 7 пайызы артылған ақшаға қол жеткізген болса, қазір ол 3 пайызға да жетпейді. Зейнетақы төлемдерінің экономикаға әсерін барынша азайтқысы келсе, бағдарламаны толығымен жабу керек.
Жеткілікті шекті көтеру "Отбасы банкі" тұрғын үй депозитіне қаражатты аудару туралы заң қабылданғанға дейін жүргізіліп, салымшыларды ашуландырады", - деп жазды Чеботарев Facebook парақшасында.
Саяси шолушы Ғазиз Әбішев те өз пікірін бөлісті.
"Мемлекет азын-аулақ зейнетақы жинақтарын кейін баспана аламын деген үмітпен алуға асықпағандарды аралап көрді. Сосын БЖЗҚ жеткілікті шегін 70 пайыздан астамға көтерді", - деп жазды сарапшы Telegram-каналында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также