ПОДЕЛИТЬСЯ
04 маусым 2021 | 20:24
Сарапшы қазақи тәрбиенің артықшылығы туралы айтты
Заманауи бала дәстүрге деген құрметті дарыту үшін қалай тәрбиелеу керек? Баланың туған жеріне деген махаббатын табиғи жолмен қалай ашу керек?
ПОДЕЛИТЬСЯ
Заманауи бала дәстүрге деген құрметті дарыту үшін қалай тәрбиелеу керек? Баланың туған жеріне деген махаббатын табиғи жолмен қалай ашу керек?
Қазақ мифологиясын зерттеуші, жазушы және киносценарист Зира Наурызбаева I-BALAQAI жобасының эфирінде балаларға арналған шытырман оқиғалы кітаптарда қазақ аңыздары мен тарихын жеткізу туралы айтып берді. Tengrinews.kz сұхбат үзінділерінің мәтіндік нұсқасын дайындады.
Бірегейлік деген не?
Адамның бірегейлігі - бұл белгілі бір үлгі секілді болған жағдай. Ұлттық бірегейлік - бұл ұлттың "ерекше дәстүрлермен, мәдениетпен және тілмен ұсынылған үйлесімді тұтас" көрінісі.
Зира Наурзбаеваның сөзінше, әрбір адам үшін шыққан тегін білу маңызды. Бүгінде қазіргі әлемде ата-аналар бұл туралы балаларымен жиі сөйлесе бастаған.
"Көптеген балалар жазушысы алдымен балаларына ұзақ уақыт бойы әңгіме айтып, ертегілер жазады. Содан кейін балалар кітабын жасайды. Ал бізде керісінше болды. Менің қызым 15 жаста болғанда, ол көптеген бала сияқты Гарри Поттерді жақсы көрді. Бұл бір қызық болды! Мен өзім осы циклге үлкен құрметпен және қызығушылықпен қараймын. Бірақ оны оқып отырып, мен маман ретінде Джоан Роулингтің сиқырлы тарихынан, еуропалық алхимия тарихынан қандай мәліметтерді қолданғанын көремін. Мен: "Бізде де осындай заттар бар ғой" деп ойладым", - дейді маман.
Зира Наурзбаева өзінің құрбысы Лила Калаусқа балалар кітабын жазумен айналысуды ұсынып, бастамашы болған.
"Лиля Калаус - менің құрбым, кәсіби жазушы және прозашы, ақын және суретші. Мен: "Лиля, комикстің қандай да бір сценарийін немесе анимациялық серияның сценарийін жасасақ қалай? Жүр, сен маған көмектесесің" дедім. Міне, осылайша ақырындап басталды.
Қызым алғашқы редакторымыз, алғашқы оқырманымыз болған", - деп еске алды сарапшы.
Жазушының айтуынша, кітап жазудағы негізгі мақсаты - балаларды қазақ мәдениеті мен тарихымен, менталитетімізбен таныстыру.
"Заманауи балалар телеарналарға, заманауи бестселлерлерге үйреніп қалған. Бұл біздің заманымызда болып жатқан жайттар. Басты кейіпкерлер - қазіргі балалар, олар өздерін анықтай алады. Гравити Фолз немесе Гарри Поттер деген секілді. Сондықтан ақыл-ойды қызықтыру үшін қазіргі балалар туралы өздері біле алатын әңгіме жазу керек", - дейді ол.
"Бату мен оның достарының шытырман оқиғалары" кітабының оқиғалары алматылық қарапайым оқушылардың айналасында өрбиді, олар шытырман оқиғаларға араласып, мифологиялық кейіпкерлермен кездесті.
"Әрине, мұның бәрін қызық етіп жеткізу керек. Біз Жюль Вернді оқыған кезде географ Паганель болды, кез келген жағдайда дәріс оқи бастайтын. Біздің ұрпақ сол дәрістерді оқыды. Бірақ қазір егер балалар шытырман оқиғалы кітаптың мәтініне дәрістің 20 бетін немесе дәрістің кем дегенде 3 беті лекция болса, олар оқымайды. Олар кітапты сол жерде тастай салады", - дейді автор.
Бүгінгі қазақи тәрбие деген не?
Ол көбіне ата-әжелерімізбен байланысты.
"Нағыз қазақи әжелер ұрсқан кезде олар: "Бар бол! Өркенің өссін!" дейтін. Әжелердің немересін бұлай ұрсуы шын мәнінде батамен тең болған", - дейді маман.
Спикер ене мен келіннің арақатынасына қатысты ойын айтты.
"Әйел адамдар кеңес үкіметі кезінде тәрбие алған. Олар: "Иә, мен енемін, келінімді құлымдай ұстаймын" дегенге үйреніп қалған. Бірақ нағыз қазақи тәрбиені көрген менің әжем қазақтарда ондай болмағанын айтады. Қыз баланы келіп етіп түсіріп алу үшін бүкіл отбасы атсалысып, қалыңмалын берген. Мүмкіндік болса оның отбасына, тәрбиесіне қарап таңдап, сол ұрпақты жалғастырса деп ойлайтын", - дейді жазушы.
Ал қазір не болды? Қазір бәрі ауысып кеткен. Барлық кеңес кезеңінде гуманитарлық апат болған. Сол кезде бәрі қирай бастаған.
Зира Наурзбаеваның сөзінше, кеңестік идеологиялық машина біздің тарихымызды қайта жазып, қазақтарды қу, қомағай байлар ретінде, мүлде басқа деректермен таныстырған. Мысалы қазақтарды елін 15 жастағы ұлдарын құрбан етіп сақтап қалған хандар да болған.
"Тарихты біз қазір қалыптастырамыз", - дейді сарапшы.
"Өткенді қалай еске алғымыз келеді? Қалай еске алсақ, солай көреміз. Сәйкесінше болашағымызды құрамыз. Сол секілді тарихымызға да таңдамалы түрде қараймыз. Біздің балалар тарихта батырлар болғанын түсінуі керек. Ол туралы кітаптарда айтыла ма? Жоқ. Бәлкім ерте кезеңде ол туралы айтудың қажеті жоқ шығар. Бірақ мектептен шығып бара жатқан балалар ол туралы білуі керек", - дейді маман.
Қорытындылай келе Зира Наурзбаева ұлттық бірегейліктегі ең маңызды нәрсе - дұрыс таңдау екенін айтады.
"Заманауи балаларды қалай тәрбиелеу керек? Дербес бірегейлікті жоғалтып алмай уақытпен бірге қалай дамуға болады? Шын мәнінде мен тәрбиеші де, педагог те, психолог та емеспін. Бірақ олар көз алдында қандай да бір мысал көре алады деп ойлаймын. Соның өзі де жеткілікті", - дейді спикер.
I-BALAQAI жобасының негізін қалаушылар - Alash Media Group медиахолдингі мен Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі.
Видеосұхбаттың толық нұсқасы I-BALAQAI YouTube-арнасында.
Жоба туралы толығырақ I-BALAQAI Instagram парақшасында.
Сондай-ақ, материал подкаст ретінде де қолжетімді, оны Anchor.FM, "Яндекс Музыка" және "ВКонтактеден" тыңдауыңызға болады.
Sheraton Nur-Sultan Hotel қонақүйіне түсірілім жасауға локация ұсынғаны үшін алғыс білдіреміз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также