06 желтоқсан 2021 17:53

Сарапшы Назарбаев мақаласы туралы: Еліміздің қуаты Ұлы даладан бастау алады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Саясаттану ғылымдарының докторы, Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) бас ғылыми қызметкері Мұрат Лаумулин Нұрсұлтан Назарбаевтың "Тәуелсіздік тағылымы" мақаласына қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Саясаттану ғылымдарының докторы, Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) бас ғылыми қызметкері Мұрат Лаумулин Нұрсұлтан Назарбаевтың "Тәуелсіздік тағылымы" мақаласына қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол, шын мәнінде, бұл біздің тарихымыздың ауқымды, терең таныстырылымы екенін айтты.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтулы күннің 30 жылдығы қарсаңында "Тәуелсіздік тағылымы" атты мақаласын жариялады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті осыдан үш онжылдық бұрын дүниетанымымыз бен болмысымыздың негізі ретінде бостандық пен тәуелсіздікті саналы түрде таңдағанымызды негізге алады.

"Елбасы дана ата-бабамыз өздерін құрып кетуден сақтап қана қоймай, ұрпақтан ұрпаққа баға жетпес мұра ретінде асыл дәстүрлерін, жасампаз, жомарт және еркіндікті сүйетін рухын, өзінің таза әрі мәнерлі тілін, әдемі, өзіндік ерекше музыкасын, өнері мен әдебиетін сақтағанын атап өтті. Бүгінде көптеген этнос өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан еліміздің тамыры Ұлы даладан бастау алады", - деді Мұрат Лаумулин.

Сарапшының айтуынша, мақала авторы тек осы оқиғалардың қатысушысы ғана емес, сонымен қатар тәуелсіздік жолындағы Қазақстан қозғалысының шабыттандырушысы және тікелей жетекшісі болып табылады. Өзі басшылық еткен жылдары халықтың сенімін ақтау үшін уақыт пен күш-жігерін аямағанын еске салады. Сондықтан тәуелсіздігіміздің тағылымы туралы өз ойларын халықпен бөлісуді маңызды деп санады.

"Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуі ата-бабамыздың азаттық пен тәуелсіздік жолындағы көпғасырлық жанқиярлық күресінің заңды жемісі және бұл мәңгілік республиканың ажырамас меншігі болып табылады, деген Тұңғыш Президенттің пікірімен келіспеске болмайды.

Елбасы ХХ ғасырдағы қазақ тарихындағы ең қасіретті де қиын кезеңдерге тоқталады: отарлау, 1916 жылғы көтеріліс, Бірінші дүниежүзілік соғыс майдандарына жұмылдыру, азамат соғысына қатысу, сталиндік дәуірдегі қуғын-сүргін, ұжымдастырудың қасіреті, қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесіне тоқталады. Жасы ұлғайғандығына қарамастан, соғыстан кейінгі кеңестік және қазақстандық экономиканың қалпына келуін, тың жерлерді игеруді және т.б. тынымсыз бақылады. Нұрсұлтан Назарбаев 1960-жылдардың өзінде Қазақстанды индустрияландыруға металлург ретінде үлес қосты", - дейді сарапшы.

Лаумулин әлеуметтік эксперименттердің қайғылы нәтижесі ретінде Тұңғыш Президент 1989 жылы КСРО тарихындағы соңғы жалпы халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстанның байырғы халқының үлесі небәрі 40,1 пайызды құрағанын еске салды.

Толық оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети