ПОДЕЛИТЬСЯ
12 мамыр 2023 | 09:36
Сарапшылар Қазақстанда пәтер жалдау құны қалай өскенін айтты
Ұлттық статистика бюросы тұрғын үйді жалға алу құны жылдам өскен өңірлерді анықтады. Үздік үштікке Алматы, Петропавл және Көкшетау кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Сарапшылар баспана бағасынан кейін жалдау ақысы көтерілгенін айтады. Жыл ішінде жаңа үйлердегі пәтерлер шамамен 8 пайызға қосылды. Қазір олардың орташа бағасы шаршы метріне 486 мың теңгені құрайды. Ең қызығы, Ақтөбе мен Ақтауда жаңа баспана бірден қымбаттады - құнының төрттен бірі. Қайталама нарықтағы шаршылар 4 пайыз қосты, метрі 500 мың теңгеге бағаланды.
Бұл ретте сарапшылар тұрғын үй нарығындағы транзакциялар саны бірден 40 пайызға қысқарғанын атап өтті. Осының аясында пәтерлерді жалдау бағасы үштен біріне дерлік қымбаттады. Жалдамалы баспананың шаршы метрі қазір шамамен 5000 теңге тұрады. Жалдау ақысы ең қымбат қалалардың үштігін Көкшетау басқарды. Көрші Петропавлдан сәл төмен. Үздік үштікті Алматы түйіндеп тұр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также