22 тамыз 2024 | 08:38

Сарбаз 6 ай бойы комада жатқан: Ұлттық ұлан мәлімдеме жасады

Видео кадры

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі әскерде қызмет ету кезінде басынан жарақат алған әскери қызметкердің жағдайына түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі әскерде қызмет ету кезінде басынан жарақат алған әскери қызметкердің жағдайына түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде әскери қызметкер Ербаян Мұхтар туралы видео пайда болды. Видеода оның әскерге өз еркімен кеткені, алайда, кейінірек ауруханаға түсіп, бүгінде дәрменсіз күйде жатқаны айтылған. Жігіт комада 6 айдан астам уақыт бойы жатқан. Tengrinews.kz редакциясы сарбазға қатысты жағдайдың мән-жайын анықтау үшін Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне жүгінді.

Реклама
Реклама

Ербаян Мұхтар әскерде қызмет ету кезінде басынан жарақат алған. Қазір ол сөйлей алмайды, тамақтана алмайды және өздігінен дем ала алмайды.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі жарақат алу дерегі бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.

"Қатардағы Ербаян Мұхтар басынан жарақат алу дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 440-бабы, 3-бөлігі, 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды ("әскери қызметшілер арасындағы денсаулыққа ауыр зиян келтірумен өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу"). Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптама тағайындалды. Соталды тергеу жалғасып жатыр. Тергеу барысы ІІМ ІІД басшылығының бақылауында", - делінген ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ, ведомство оңалту аяқталғаннан кейін "ата-анасының талабы бойынша Ербаян Мұхтар үйіне жіберілді" деп мәлімдеді. Жас жігіттің мүгедектігін ресімдеу мәселесі шешіліп жатыр.

"Сонымен қатар, ІІМ Ұлттық ұланының бас қолбасшылығы Бехтерев атындағы психиатрия және неврология Ұлттық медициналық зерттеу орталығына, Киров атындағы Әскери-медициналық академияға және Ресей Федерациясының профессор Поленов атындағы Ресей ғылыми-зерттеу нейрохирургиялық институтына, сондай-ақ Түркия елшілігіне кеңес көмек көрсету және ауруханаға жатқызу мәселесін қарау үшін хаттар жолдады", - деп хабарлады ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная