Сәрсемалиевтің анасы сотта келіні және отбасылық жанжалдар туралы айтып берді

Сәрсемалиевтің анасы сотта келіні және отбасылық жанжалдар туралы айтып берді Фото © Tengrinews.kz

Атырауда бір отбасыдағы төрт адамның өліміне қатысты сот талқылауы жалғасып жатыр. Күдіктілер орындығында отбасының бұрынғы күйеу баласы, яғни кіші қызының күйеуі Сұлтан Сәрсемалиев отыр. 29 мамырда сотта айыпталушының ата-анасы жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Атырауда бір отбасыдағы төрт адамның өліміне қатысты сот талқылауы жалғасып жатыр. Күдіктілер орындығында отбасының бұрынғы күйеу баласы, яғни кіші қызының күйеуі Сұлтан Сәрсемалиев отыр. 29 мамырда сотта айыпталушының ата-анасы жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Редакция сотқа іс бойынша куәгер ретінде қатысқан Сұлтан Сәрсемалиевтің анасының жауаптарын жариялайды. Әйел өз сөзінде ұлының отбасылық өмірі, келіні Ақбаян Мұқанғалиеваның жағдайы, сондай-ақ келінінің туыстарымен арадағы кикілжіңдер туралы баяндады. Оның айтуынша, бұл жайттар кейінгі қайғылы оқиғалардың өршуіне әсер етуі мүмкін.

Үлкен махаббат пен алғашқы түсініспеушіліктер

Жарнама
Жарнама

Айыпталушының анасының айтуынша, оның ұлы мен келіні Ақбаян 2018 жылы неке қиған. Жас жұбайлар Махамбет ауданында күйеуінің ата-анасымен бірге тұрған. Сотталушының анасы алғашқы жылдары отбасындағы қарым-қатынас тұрақты болғанын, ұлы жұмыс істеп, отбасын асырағанын алға тартады.

Алғашқы жанжал 2022 жылы, Ақбаян Мұқанғалиева аяғы ауыр кезінде болған. Тұрмыстық жанжалдан кейін ол балаларын алып, уақытша төркініне кетіп қалған. Кейін ерлі-зайыпты қайта қосылып, Атырауға көшіп келген.

Сұлтанның анасының сөзінше, ұлы соңына дейін отбасын сақтап қалуға тырысып, жұбайына қолдау көрсеткен.

Ауыр дерт және емнің салдары

Айыпталушының анасы отбасы өміріндегі елеулі өзгерістер 2024 жылы, Ақбаян Мұқанғалиева пневмониямен қатты ауырған кезде басталғанын айтады. Оған күрделі ота мен ұзақ емделу қажет болған.

Сәрсемалиевтің анасы сотта сол кезеңде Ақбаянның аяғы ауыр болғанын хабарлады. Дәрігерлер баланы аман алып қалу үшін шұғыл түрде кесар тілігін жасауға мәжбүр болған. Сәби аман қалғанымен, анасының жағдайы асқынып, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы сияқты ауыр зардаптар болған.

"Оның жай-күйінде ауытқулар басталды, айтқан нәрсесін ұмытып қалатын болды. Бір нүктеге қарап, қатып тұрып қалатын кездері болды. Келінімнің жағдайы нашарлаған соң, баланы аман алып қалу үшін кесар тілігі отасын жасау туралы шешім қабылданды. Ота сәтті өтті - анасы да, баласы да аман қалды", - деді сотталушының анасы сотта.

Сондай-ақ, әйелдің айтуынша, кейіннен келінінің денсаулығы айтарлықтай нашарлап, өзіне-өзі қараудан қалған. 2025 жылы Ақбаянға І топтағы мүгедектік тағайындалған.

Ақбаян Мұқанғалиева / ІІМ видеосынан кадр

Туыстар арасындағы жанжалдар

Сотталушының анасы Ақбаянның денсаулығы сыр берген тұста, отбасында келін жағының туыстарымен арадағы түсініспеушілік күшейгенін айтты. Ол Сәрсемалиевтің қайын ата-енесімен арадағы кикілжіңді, сондай-ақ балаларға күтім жасау мен емдеу мәселелеріне қатысты келіспеушіліктерді ерекше атап өтті.

Кейіннен, сотталушының анасының айғақтарына сүйенсек, Ақбаянның ата-анасы оны Атыраудан алып кеткен. Бұл оқиға кейінгі жағдайлардың өршуіне шешуші әсер еткен көрінеді.

Сотта әкесін көрген Сұлтан Сәрсемалиев көзіне жас алды

Айта кетейік, 29 мамырда сотта Сұлтан Сәрсемалиевтің әкесі де жауап берді. Әкесі сот залына кіргенде, сотталушы қатты толқып, көңіл-күйінің өзгергені байқалды. Туысы түсінік беріп жатқанда ол көз жасына ерік берді, бірақ судья Зарема Хамидуллинаның денсаулығы туралы сұрағына "бәрі жақсы" деп жауап берді.


Еске салайық, Сұлтан Сәрсемалиев төрт адамды - бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның ата-анасын, ағасы мен әпкесін өлтірді деп айыпталып отыр. Тергеу нұсқасы бойынша, қылмыс 2025 жылы ұзаққа созылған отбасылық жанжал негізінде жасалған. Іс материалдары бойынша, ол қаза тапқандардың денесін жалдамалы үйдің ауласына және марқұм ерлі-зайыпты тұрған үйдің сарайына көміп, жасыруға тырысқан.

28 мамырда Атырауда бұл іс бойынша басты сот талқылауы басталды. Сотта прокурорлар кісі өлтіру жағдайлары мен мәйіттерді және айғақтарды жасыру әрекеттерін қоса алғанда, оқиғаның егжей-тегжейін жариялап жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама