17 қараша 2021 14:08

Сарыағаш тұрғындарын "қоңыр" қар таңғалдырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Түркістан облысында орналасқан Сарыағаш қаласының тұрғындарын бір күн бұрын жауған қоңыр түсті қар таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында орналасқан Сарыағаш қаласының тұрғындарын бір күн бұрын жауған қоңыр түсті қар таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

WhatsApp-та Сарыағашта түсірілген видео таралып жатыр. Видео авторы қалаға қоңыр түсті қар жауғанын айтады. Видеодан ерекше табиғи құбылысты байқауға болады. Дегенмен видео авторы бұған өңірде жуырда болған шаңды дауыл себеп болуы мүмкін екенін айтады.

Реклама
Реклама

Қазгидромет мәліметінше, Сарыағашқа ерекше түсті қар жауған.

"15-16 қараша қарсаңында Арыс метеостанциясында екпіні секундына 17 метр жел соғып, дауыл тіркелді. Солтүстік-батыстан соққан желмен Сарыағаш қаласында шаңды дауыл көтеріліп артынан ерекше түсті қар жауды", - деді ведомстводан.

Сарыағаш тұрғындарының өтініші бойынша Қазгидрометтің жылжымалы зертханасы қардан сынама алатыны айтылды. Нәтиже кейінірек жарияланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram