Сарымсақ жеу керек. Біртанов WhatsApp-та тараған аудиоға қатысты пікір білдірді

Коллаж: Tengrinews.kz. © elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов "коронавирус жұқтырмау үшін сарымсақ жеу керек" деген WhatsApp-тағы аудиоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов "коронавирус жұқтырмау үшін сарымсақ жеу керек" деген WhatsApp-тағы аудиоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Аудио медицина ғылымдарының докторы, экс-денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің атынан тарап кеткен. 

"Коронавирус жұқтырмау үшін ең маңыздысы - сарымсақ жеу. Күнде таңертең бұл процедураны жасамай ештеңе ішуге болмайды. Бір сарымсақты турап, сумен дәрі секілді ішіп аласыз. Шайнауға болмайды", - делінген аудиода. 

Реклама
Реклама

Елжан Біртанов бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. 

"Профессор Досқалиевтің ондай кеңес бергенін естімеппін. Меніңше, ол - фейк, бұл туралы құқық қорғау органдарына хабар береміз", - дейді министр. 

Коронавирус: Біртанов елімізде қанша адамның бақылауда екенін айтты

Министр хабарламадан еш зиян тимесе де, оның таралуын тоқтатып, авторды жауапкершілікке тарту керегін айтты. 

"Біз тіпті зияны жоқ ақпаратты жалған деп санаймыз, өйткені бұл жағдайда олар нақты адам арқылы тараған", - деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Біртанов коронавирустан қалай сақтануға болатынын айтқан еді.

Сау болсаңыз, бетперде тағудың қажеті жоқ - Біртанов

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама