ПОДЕЛИТЬСЯ
29 наурыз 2021 | 13:48
Сәтбаев қаласында саябақтағы ағаштарды кесу сәті видеоға түсірілді
Сәтбаев қаласында куәгерлер Жеңіс саябағында ағаштардың кесіліп жатқанын видеоға түсіріп алған. Желі қолданушылары видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сәтбаев қаласында куәгерлер Жеңіс саябағында ағаштардың кесіліп жатқанын видеоға түсіріп алған. Желі қолданушылары видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео кадрларынан Жеңіс саябағында жұмысшылар арнайы техникамен ағаштарды қалай жұлып жатқанын көруге болады. Видео авторы жұлынған ағаш үйінділерін көрсеткен. Ол қаладағы азын-аулақ ағаштың біраз бөлігі кесілгенін мәлімдейді. Автор эмоциясына ерік беріп, саябақтың тозып кеткенін ескерген.
"Бұл - Қазақстан, Сәтбаев қаласы, Жеңіс саябағы. Қанша ағашты тамырымен жұлып тастағанын қараңыз. Орнына отырғызылған ағаштар мың жыл өседі. Қаладағы жалғыз саябақ еді. Олар болса ағаштарды экскаватормен жұлып жатыр", - дейді видео авторы.
Сәтбаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жағдайға түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, Жеңіс саябағында қайта жөндеу жұмыстары басталған.
Жобалық-сметалық құжаттамада монументті және арканы қалпына келтіру, бақылау-өткізу пунктін, қоғамдық дәретхана мен субұрқақ салу, саябақ аумағын жарықтандыру, бейнебақылау жүйесін, аумаққа жаңа қоршау орнату, спорт және балалар ойын алаңдарын орната отырып, саябақты абаттандыру көзделген. Сондай-ақ, онда жүгіру және веложолдар салынып, автоматты суару жүйесі орнатылады.
"Аумақты жоспарлау, құрғақ және ескі ағаштарды жинау бойынша жұмыстар жүргізілді. Оның орнына 700-ден аса ағаш отырғызылады: қарағай, қайың, терек және шырша",-деп толықтырды Сәтбаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері.
Айта кетейік, биыл қаңтарда Қарағандыда Волочаевская көшесіндегі шағын саябақта ағаштар кесілгені хабарланған болатын. Жасыл желектердің жойылуы қоғамда резонанс тудырды. Жағдайға қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жауап берді. Ол кінәлілер жазаланатынын айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также