Сәтбаевта ер адамның қызға шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалды

©️ Tengrinews.kz

Сәтбаевта тұрғын үйдің кіреберісінде қызға шабуыл жасалған сәт видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сәтбаевта тұрғын үйдің кіреберісінде қызға шабуыл жасалған сәт видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода қыз үйге кіргені көрінеді. Кейін ер адам оның басынан ұстап, аузын қолымен жауып, баспалдақтан сүйрей жөнеледі. Артынша қыз айғайлап, қарсылық білдіреді, содан кейін ер адам үйден жүгіріп шығып кетеді.

Осы кезде бірінші қабаттағы пәтерден бір әйел шығады. Қыздың айтқанынан кейін ол ер адамның артынан жүгіре жөнеледі. Ер адам қызды зорламақ болған.

Реклама
Реклама

Ұлытау облыстық Полиция департаменті өкілі жағдайға пікір білдірді.

"Әйел адамға шабуыл жасау дерегі бойынша Сәтбаев қаласы полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында күдіктіні ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама