24 шілде 2020 | 16:14

Сәтбаевта қызды ұрлаған ер адам қалай жазалануы мүмкін?

Танымал қазақстандық адвокат Айман Омарова бес жасар қызды ұрлап, зорлады деген күдікке ілінген Сәтбаев тұрғынына қандай жаза қолданылуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Танымал қазақстандық адвокат Айман Омарова бес жасар қызды ұрлап, зорлады деген күдікке ілінген Сәтбаев тұрғынына қандай жаза қолданылуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, күдікті Қылмыстық кодекстің "Жас балаға қатысты жасалған зорлық" және "Көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты адам ұрлау" баптары бойынша жазалануы мүмкін.

Реклама
Реклама

"Бала зорланса, заң бойынша ол 20 жыл бас бостандығынан айырылады және белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қандай да бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылады, не өмір бойына сотталады.

Қылмыстық кодекстің 125-бабы бойынша адам ұрлығында мүлік тәркіленеді және 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Алайда қылмыс өлімге немесе басқа да ауыр зардаптарға әкеп соқтырса, жаза мерзімі 3-бөлім бойынша 10-нан 15 жасқа дейін көбейтілуі мүмкін", - деп түсіндірді Айман Омарова.

Оның айтуынша, сот өмір бойына қамау түріндегі үкім де шығаруы мүмкін.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная