“Сатып алушы үшін жұмыс істеу“: Астананың бес базарында заңбұзушылықтар анықталды

“Сатып алушы үшін жұмыс істеу“: Астананың бес базарында заңбұзушылықтар анықталды Бейнежазбадан кадр

Астанада бірқатар сауда базарына жүргізілген жоспардан тыс тексерулер аяқталды. Бақылау шаралары барысында мамандар заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қалалық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің хабарлауынша, "Ұлжан", "Алтай", "Сарыарқа", "Алаш" және "Шарын" базарларында жоспардан тыс тексерулер жүргізілді.

Инспекторлар "Сауда қызметін реттеу туралы" заңның, ішкі сауда ережелері мен ұлттық стандарттардың бұзылғанын анықтады. Базар иелеріне ескерту жасалып, заңбұзушылықтарды жою міндеттелді. Белгіленген мерзім өткеннен кейін мамандар нысандарды қайта тексереді. Егер талаптар орындалмаса, иелеріне қатысты заңда қарастырылған шаралар қолданылады.

Жарнама
Жарнама

Департаменттің түсіндіруінше, тексерулер мемлекет базар иелеріне жаңғырту жұмыстары үшін берген өтпелі кезең аяқталғаннан кейін басталған.

"Жалға алушы да, сатушы да сатып алушы үшін жұмыс істейтінін есте сақтау маңызды. Сондықтан оның жайлылығы туралы байыппен ойланатын уақыт жетті. Тұтынушылар үшін жағдай неғұрлым ыңғайлы әрі жағымды болса, базарлардағы сауда да соғұрлым қыза түседі", - деп атап өтті Астана қалалық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Еркебұлан Тағашев.

Ведомство 2026 жылдың қаңтарынан бастап Астанадағы және Қазақстанның басқа да ірі қалаларындағы барлық әмбебап базарлар тек стационарлық ғимараттарда жұмыс істеуі тиіс екенін еске салды. Ашық аспан астындағы стационарлық емес конструкцияларды негізгі сауда форматы ретінде пайдалануға бұдан былай тыйым салынады.

Базарларды жаңғыртуға иелеріне бірнеше жыл уақыт берілді - жұмыстарды 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқтау қажет.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама