08 сәуір 2022 | 09:48

"Сау көзіне ота жасаған". Алматылық әйел дәрігерлерді қате жіберді деп айыптады

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрациялық фото: tengrinews

Алматыда төрт жасар науқастың анасы Балалар жедел медициналық жәрдем орталығы дәрігерлерін салғырттық пен қателік жіберді деп айыптады. Әйел баласына қате ота жасалғанын айтады. Оның айтуынша, баланың оң көзінде киста бар деген диагноз қойылып, сау - сол көзіне ота жасалған. Дәрігерлер ота дұрыс жасалғанын алға тартып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ота жасалған баланың анасы Асылжана Тоқсанбаева дәрігерлер ота қажет деп сендіргенін айтты. Отадан бір күн бұрын бала қайтадан тексеріліп, бұрын емханада қойылған диагноз - оң көздегі киста расталған.

"Бүгін таңғы сағат 9-да баланы отаға алып кетті, бәрі тез өтті. Бірақ неге оң көзіне емес, сол көзіне ота жасалғанын түсінбедім. Мен дәрігерге олардың қателескенін дәлелдей бастадым, бірақ олар бәрін жоққа шығарады. Тіпті мамандар киста бір күнде қайтпайтынын растады", - дейді әйел.

Реклама
Реклама

Баланың анасы дәрігерлер қателескеніне сенімді, енді ұлына қайтадан ота жасатуға тура келеді деп қорқады. Өз кезегінде дәрігерлер барлық әрекет дұрыстығына және хаттамаға сәйкес еткеніне сендіреді.

"Анестезия жағдайында операция жасайтын хирургтар оң жақтағы жоғарғы қабақты қарайды, онда халазион өздігінен қайтып, жазылған. Олар сол жақ қабаққа ревизия жасап, онда кішкентай халазион табылды. Ота қорытындысын ескере отырып, дәрігерлер сол жақтағы жоғарғы қабақтың халазиясын алып тастауды ұйғарды", - деді Алматы қалалық Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы бас дәрігерінің орынбасары Дінмұхамед Рузуддинов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram