ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қыркүйек 2019 | 17:25
Сауда желілері одағы тегін пакеттерден бас тартады
Сауда желілері одағы Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің полиэтиленді пакеттерді біртіндеп қысқарту туралы бастамасын қолдады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сауда желілері одағы Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің полиэтиленді пакеттерді біртіндеп қысқарту туралы бастамасын қолдады.
Бірінші кезекте, Сауда Желілері Одағына кіретін компаниялардың барлық дүкендері полиэтиленді пакеттерді тегін таратудан бас тартып, тек ақылы түрде сататын болады.
Баға саясаты және бастаманы жүзеге асыру мерзімін әр компания өздігінше шешеді.
Сауда Желілері Одағы өз сатып алушыларына пластик пакеттерге балама түрлерін ұсынуға дайын.
Сауда Желілері Одағының кейбір компания-мүшелері, мысалға алсақ, "Technodom Operator" және "ВкусМарт" қазіргі кезде пластик пакеттерді тек ақылы түрде сатады. "КеңМарт" және Magnum компаниялары өз сатып алушыларына балама түрде биоыдырайтын пакеттерді ұсынуда, жуық арада осындай пакеттер "ВкусМарт" компания дүкендерінің сөрелерінде қолжетімді болады. МЕТРО компаниясы ашылған сәттен бастап өз кассаларында тек қана биоыдырайтын пакеттерді сатуда.
"КеңМарт", "METPO Кэш энд Керри" қазіргі таңда саудаға арналған көп реттік сөмкелерді ұсынуда, жақын арада "ВкусМарт" және "Magnum Сash&Сarry" (сонымен қоса Magnum қағаз крафтік пакеттерді сатылымға ұсынбақ) желілерінде сатылымға шығарылады.
Бұдан басқа, Magnum компаниясы полиэтиленді пакеттердің сатылымынан түскен барлық қаражатты қайырымдылық қорына жұмсайтын болады. Ал, "МЕТРО Кэш энд Керри" компаниясы 5 жылдан бері полиэтиленді пакеттерді сатудан түскен қаражатты қайырымдылыққа жұмсап отыр.
Еске саламыз, 2019 жылдың 20 қыркүйегінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және "Қазақстанның Экологиялық Ұйымдар Қауымдастығы" полиэтиленді пакеттерді қолданыстан біртіндеп шығару турады меморандумға қол қойды. Меморандум бойынша, полиэтиленді пакеттерді қолданыстан шығару мақсатында тегін таратудан бас тарту көзделеді.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Магзум Мирзагалиевтің хабарлауынша, Қазақстанда жыл сайын 5 миллион тоннадан астам пайда болатын қатты тұрмыстық қалдықтардың кем дегенде 11-15% пластмасса, оның ішінде полиэтиленді пакеттер құрайды. Оларды тегін таратудан бас тарту пластик пакеттерді қолдануды кем дегенде 30% азайтады.
"Сауда Желілері Одағы" заңды тұлғалар бірлестігіне "Mon Amie", "ВкусМарт", "Technodom Operator", "Magnum Сash&Сarry", "КеңМарт", "METPO Кэш энд Керри" және басқа компаниялары кіреді. Сауда Желілері Одағының басты мақсаты адал бәсекелестікке жағдай жасау, Қазақстан Республикасының сауда нарығының инфрақұрылымын дамыту, бөлшек сауда саласында озық технологиялар мен қызмет стандарттарын енгізуге ықпал ету болып табылады.
Серіктестік материал
Показать комментарии
Читайте также