ПОДЕЛИТЬСЯ
13 наурыз 2022 | 17:37
Сауда министрлігі өкілі қант тапшылығы туралы ақпаратқа пікір білдірді
Кейінгі бірнеше күнде әлеуметтік желілерде кейбір азық-түлік тауары, соның ішінде қант тапшылығы туралы түрлі ақпарат тарады. Бұл сұраныстың артуына және базарда алыпсатарлық әрекеттердің туындауына алып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кейінгі бірнеше күнде әлеуметтік желілерде кейбір азық-түлік тауары, соның ішінде қант тапшылығы туралы түрлі ақпарат тарады. Бұл сұраныстың артуына және базарда алыпсатарлық әрекеттердің туындауына алып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сауда және интеграция министрлігі мен ауыл шаруашылығы министрлігі дүрбелеңге ермеуге шақырады. Азық-түлік өнімдерін өндіру тоқтатылмайды, қор жүйелі негізде толықтырылатыны айтылды.
АШМ дерегі бойынша жарма, ұн, консерві және басқа да тауарлар өндірісі үшін жеткілікті шикізат, сондай-ақ, ет және сүт өнімдерін өндіру үшін жеткілікті мал басы бар.
Жедел деректер бойынша, республикада барлығы 1,5 миллион тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауар қоры бар. Оның ішінде ұн - 145,1 мың тонна, қант - 47,6 мың тонна, күріш - 40,2 мың тонна, макарон - 21,3 мың тонна және 1 миллион тонна көкөніс өнімдері.
"Бүгінде елде қант тапшылығы жоқ екенін хабарлаймыз. Қант өндірісі жалғасып жатыр, тоқтамайды. Қор толтырылып отырады", - делінген хабарламада.
Қазір Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бәсекелестікке қарсы келісілген әрекетпен ӘМАТ бағасын көтеру дерегі бойынша және Маңғыстау, Алматы облыстарында тыңайтқыш өндіруге қатысты жұмыстар жалғасып жатыр.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәліметінше, Ақмола облысында нан өндірушіге және Жамбыл облысында қант зауытына қатысты 2 тергеу аяқталды.
Бұған дейін жасалған 8 хабарламаға сәйкес өнім бағасы (Қостанай облысында - 5 және СҚО - 3) төмендетілді. Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуға жол бермеу жөніндегі монополияға қарсы комплаенстің 7 актісі жасалған. ӘМАТ сауда үстемесі 15 пайыздан 10 пайызға дейін төмендетілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также