16 тамыз 2022 | 14:00

Сауда министрлігінің жаңа басшысы қант тапшылығы туралы айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Серік Жұманғарин қант тапшылығының себептерін зерттейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Серік Жұманғарин қант тапшылығының себептерін зерттейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер Жұманғариннен министр ретінде ең алдымен не істейтінін сұрады.

"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары туралы айтатын болсақ, ең алдымен нарықта азық-түлікті қолжетімді ету міндеті тұр. Қазір бай елдер экономикасы төмен елдерге қарамайды, сондықтан әлемдік баға өсіп жатыр.

Қант тапшылығы туындамас үшін, айналым схемасына айтарлықтай көп қаражат бөлдік. Көктемгі дала жұмыстарына 140 миллиард теңге бөлінген болатын. Айналым схемасына 100 миллиард теңгеге жуық ақша бөлінді. Неге бұл қаражат қант зауыттарына жетпеген? Анық-қанығын айқындау керек", - деді министр.
Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Жұманғарин елімізде қант өнеркәсібін, қант қызылшасын өндіруді дамыту керектігін айтты.

"Қант мәселесінің шешіміне келер болсақ, Ауыл шаруашылығы министрлігі қант өнеркәсібін дамытудың жоспарын дайындап жатыр. Оны әлі толық оқып шыққан жоқпын, жақын арада Үкімет отырысында бекітіледі.

Әлемдік бағаға тәуелді болмас үшін қант қызылшасын өзімізде өндіру керек. 

Біз шикізатты Латын Америкасынан, Үндістаннан әкеліп жатырмыз. Зауыттарға алғашқы қаражат беруді ойластырамыз, себебі олар Латын Америкасы мен Үндістанның қант өндірушілерімен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасауы керек. Бұл енді алаңдамау үшін жасалады. Менің міндетім мұндай жағдайлардың неліктен болғанын түсіну және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу", - деп қосты Жұманғарин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная