ПОДЕЛИТЬСЯ
12 тамыз 2020 | 12:06
Сауда орындарына маскасыз кіруге болмайды - елорда әкімінің орынбасары
Елорда әкімдігінде сауда үйлері, базар, сауда ойын-сауық орталығы өкілдерінің қатысуымен қаладағы қауіпсіздікті және санитариялық нормаларды қатаң сақтау мәселесі талқыға салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Елорда әкімдігінде сауда үйлері, базар, сауда ойын-сауық орталығы өкілдерінің қатысуымен қаладағы қауіпсіздікті және санитариялық нормаларды қатаң сақтау мәселесі талқыға салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен жұмыс орындарында дезинфекцияға баса мән беру керегін атап өтті.
"Карантин шаралары жағдайды тұрақтандыруға ықпал етіп, науқастардың саны азайды. Алайда карантинді біртіндеп жеңілдеткен соң босаңсуға болмайды. Себебі, вирус ешқайда кеткен жоқ. Алдымызда күз мезгілі бар. Демек ЖРВИ (тұмау) маусымы басталады. Бұл дәрігерлер мен медицина ұйымдарына салмақ түсіретінін білдіреді", - деді ол.
Елорда әкімінің орынбасары қалада коронавирус індеті өршімес үшін санитариялық нормаларды қатаң сақтау керегін ескертті.
"Бұл талапты алдымен кәсіпкерлік нысандары қатаң сақтауы керек. Ғимаратқа кіреберісте антисептик, дезинфекциялық құралдар болуы керек. Ал сатушыларда маска мен қолғап болуы қажет. Адамдарды тек маскамен кіргізген жөн. Көптеген адамның бір уақытта ғимаратта болуын шектеп, арақашықтықты сақтау қажет. Еденде арақашықтықты көрсететін белгі қойып, қабырғада масканы міндетті түрде тағу керегін көрсететін ескертпе болуы керек", - дейді Бахтияр Мәкен.
Сондай-ақ, кәсіпкерлік нысандарының иелері желдету жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, қызметкерлер арасында санитариялық нормаларды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.
Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша жұмысшылардың денсаулығына кәсіпорын басшылығы жауап береді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также