18 шілде 2023 | 11:25

Саунадағы балалар лагері: Алматы бюджетінен қанша ақша қарастырылған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото nurgul_tau/Instagram

Алматы әкімдігі саунадағы балалар лагеріне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімдігі саунадағы балалар лагеріне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау сауна ғимаратындағы лагерьге барғанын, онда Алматыдан келген жағдайы төмен отбасылардың балалары демалуы керек болғанын айтты. Оның айтуынша, балалар лагерінде балалардың демалуы үшін жағдай жасалмаған, заңбұзушылықтарға жол берілген.

Сондай-ақ, ол әкімдікпен 107 миллион теңгеден аса сомаға келісімшарт жасалғанын айтты. Депутат мемлекеттік сатып алудың қалай жүргізілгені, өнім берушінің қалай анықталғаны туралы сұрау жолдаған.

Реклама
Реклама

Алматы әкімдігі қызмет көрсетуші "БелРичи" ЖШС-мен 107,8 миллион теңгеге келісімшарт жасалғанын растады. Сонымен қатар, депутаттың айтуынша, бұл қаражат іс жүзінде төленбеген. Рәсімге сәйкес төлем орындалған жұмыстар актісіне қол қойылғаннан кейін жүргізіледі.

"Қазіргі уақытта жол берілген өрескел заңбұзушылықтарға байланысты қалалық білім бөлімі келісімшартты бұзып жатыр, мердігер ұйымды мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап арыз беріледі", - деп хабарлады әкімдік.

Еске сала кетейік, Алматы облысы Ұзынағаш ауылында шілденің ортасында жантүршігерлік оқиға болған еді. Мұнда жазғы демалысын өткізу үшін Алматыдан ондаған бала әкелінді. Алайда мектеп оқушылары жайлы жағдайдың орнына тар, желдетілмейтін бөлмелерге қоныстанған. Сондай-ақ, лагерь саунаның дәл ішінде орналасқан, мұнда сыртта ер адамдар демалатынын байқауға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная