13 мамыр 2021 | 14:09

Сәуір айы қазақстандық синоптиктерді таңғалдырды

Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Сәуір айы қазақстандық синоптиктерді таңғалдырды: бірден бірнеше температуралық рекорд тіркелді. Қазақстандағы метеобақылау тарихындағы ең ыстық күндер оңтүстік өңірлерде, ал ең суық күндер солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМҚ сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сәуір айы қазақстандық синоптиктерді таңғалдырды: бірден бірнеше температуралық рекорд тіркелді. Қазақстандағы метеобақылау тарихындағы ең ыстық күндер оңтүстік өңірлерде, ал ең суық күндер солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМҚ сілтеме жасап.

Синоптиктердің айтуынша, сәуірде екі рет аптап болып, жаңа температуралық рекордтар орнады. Екінші онкүндіктің басында Қазақстанның батысында күндізгі ауа температурасы +27...+32 градусқа жетті. Мысалы, БҚО-дағы Аққұдық метеостанциясында 10 сәуір үшін рекорд ауа температурасы +32,2 градус тіркелді.

Тағы бір жылу толқыны сәуірдің соңында, республиканың оңтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасы +31 ...+38 градусқа дейін көтерілген кезде болды. Мәселен, Қызылордада 28 сәуірде +38,1 градус болды, бұл осы күн үшін рекорд.

Реклама
Реклама

Бір қызығы, сәуірде ең төменгі температуралар да болды. Рекорд Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында үшінші онкүндіктің басында тіркелді.

Мысалы, СҚО Рузаевка метеостанциясында 20 сәуірде ауа температурасы -9,9 градус болды, сөйтіп осы күн үшін рекорд жаңарды.

Сонымен қатар, үшінші онкүндіктің бірінші жартысында Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 1-5 градусқа дейін, Алматы облысында 8-15 градусқа дейін үсік жүрді. 

"Осы айда республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тапшылығы байқалды. Алайда кейбір күні стихиялық гидрометеорологиялық құбылысқа теңелетін жауын-шашын болды.  Мысалы, 4 сәуірде Түркістан облысындағы Ащысай метеостанциясында 8 сағаттан аса жаңбыр жауып, 33,6 миллиметр жауын-шашын түсті. Ал 21 сәуірде Алматы облысының ҮАК ауданында 20 миллиметрге дейін қалың қар жауды", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная