ПОДЕЛИТЬСЯ
27 наурыз 2021 | 11:02
Сәуірде қанша алматылық "Спутник V" салдыратыны белгілі болды
Сәуірде 81,5 мың алматылық коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын салдыруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сәуірде 81,5 мың алматылық коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын салдыруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Спутник V" вакцинасының біріншісі 1750 дозасы ақпанда алынып, екі компонент те 100 пайызға игерілді.
Екіншісі наурызда 10 800 доза көлемінде болды. Бірінші компонент 100 пайызға игерілді, ревакцинация басталды.
Үшінші 3200 доза наурызда келді. Бірінші компонент 100 пайызға игерілді, ревакцинация үшін екінші компонентті күтіп отырмыз.
Сәуірде 81 500 доза жеткізілуі тиіс. Яғни сәуірде 81 500 алматылық "Спутник V" вакцинасын салдырады", - делінген хабарламада.
Басқарма өкілдері мамырда вакцинаның 65 200 дозасын жеткізу жоспарланғанын атап өтті. Бірақ бұл алдын ала деректер, өйткені Денсаулық сақтау министрлігі Алматыға жеткізілетін вакцинаны көбейту мәселесін қарастырып жатыр.
Еске салайық, Алматы эпидемиологиялық жағдай бойынша "қызыл" аймақта. Кейінгі тәулікте қалада 450 жаңа коронавирус жағдайы анықталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также