Шахтинскідегі төтенше жағдай дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

© ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Шахтинск ?аласында?ы Шахан ауылында ?йді? опырылу дерегі бойынша сот?а дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?ара?анды облысты? ІІД ?кілдеріне сілтеме жасап.

Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында үйдің опырылу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.

"Осы дерек бойынша соталды тергеу "Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу" бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Қажетті шаралар қабылданып жатыр", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

ТЖ жөніндегі комитеттің мәліметінше, көпқабатты тұрғын үйдің бір бөлігінің опырылуы себебін анықтау үшін ведомствоарадық комиссия құрылған. Комиссияның құрамына Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, ТЖ жөніндегі департаменттің және Қарағанды облыстық әкімдігінің мамандары кірген.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 1 қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама