02 наурыз 2022 10:46

Саясат Нұрбек Мәжілістің қай комитетіне кіргені белгілі болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мәжілістің жаңа депутаты Саясат Нұрбек Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжілістің жаңа депутаты Саясат Нұрбек Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті әріптестер, қатарымыз жаңа депутатпен толықты. "Нұр Отан" партиясының тізімі бойынша Саясат Нұрбек Мәжіліс депутаты болып тіркелген", - деді Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов.

Саясат Нұрбек ант қабылдағаннан кейін Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне кіруге ниет білдірді.

Реклама
Реклама

"Саясат Нұрбек - саясаттанушы, қоғам қайраткері, мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол, Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті, Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің директоры қызметтерін атқарған. Қолдау көрсетулеріңізді сұраймын", - деді комитет басшысы Жәмиля Нұрманбетова. 

Депутаттар Нұрбектің комитет құрамына кіруіне дауыс берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram