03 қыркүйек 2021 | 16:42

"Сайқымазақ деді". Атырау тұрғыны қызын мұғалімдер қорлағанын мәлімдеді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
көрнекі фото:elements.envato.com

Атырау тұрғыны қызын мектепте мұғалімдер қорлағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау тұрғыны қызын мектепте мұғалімдер қорлағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зульфия Искалиева қызы бірінші оқу күні, яғни 2 қыркүйек күні №16 мектептен жылап келгенін айтты. Оның айтуынша, мұғалімдер мектеп оқушысын "Сайқымазақ" деп атаған. Өйткені, оқушы қыз мектепке шашына қызғылт жіптер байлап барған.

"Баланы бүкіл сыныптың алдына шығарып "Сайқымазақ" деп атаған. Мұғалімдер тәрбие, мәдениет, этика туралы айтқанды жақсы көреді да, өздері жасөспірімді бүкіл сынып алдында дөрекі түрде қорлайды. Сынып жетекшісі баланы қорламадым деп бұл туралы сөйлескісі келмеді. Ал, бала қорланған кезде не сезінгенін айтудың өзі қиын. Енді анаң мектепте болған жағдайды қоғамдық талқылауға салды деп тисуі де мүмкін, мен оған да дайынмын", - деп жазды әйел фейсбукте.

Реклама
Реклама

Бұл жағдайға Атырау қаласының білім бөлімі пікір білдірді. Шенеуніктердің айтуынша, оқиға болған күннің ертеңінде қалалық білім бөліміне Искалиеваның өзі, мұғалім және мектеп-лицей директорының міндетін атқарушы шақырылған.

"Әр тарап өз пікіріне қатысты түсініктеме берді. Тараптардың пікірін тыңдадық. Болашақта мұндай оқиғалар кезінде ата-анадан мектеп әкімшілігіне немесе қалалық білім бөліміне хабарлауды сұрадық. Мектеп директорына мұғалімдерге этика туралы айту тапсырылды", - деді департаменттегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная