12 қаңтар 2021 | 11:24

Сайлау бақылаушылары Алматы сотына арызданды

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматы соты учаскелік сайлау комиссияларының шешімдері мен іс-әрекеттеріне қатысты екі шағымды қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы соты учаскелік сайлау комиссияларының шешімдері мен іс-әрекеттеріне қатысты екі шағымды қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Медеу аудандық сотына "Тәуелсіз бақылаушылар" ҚБ жүгінгені хабарланды. Ұйым өкілдері комиссияның байқаушыны тіркеуден бас тартуын заңсыз деп тануды сұрады.

Реклама
Реклама

"Сайлау туралы" заң бақылаушыдан өз өкілетін жазбаша растауды талап етеді. Бұл құжат бақылаушыны жіберген ұйымның мөрімен расталуы керек, онда оның аты-жөні көрсетіледі. Сонымен қатар, байқаушы жеке куәлігін көрсетуге міндетті. Мұның бәрін бақылаушы болғысы келген адам жасамады. Сондықтан сот ҚБ талаптарын қанағаттандырудан бас тартты", - деп хабарлайды Алматы сотының баспасөз қызметі өкілі.

Осыған ұқсас өтініш №2 Алмалы аудандық сотына келіп түсті. Оны "Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі" ҚҚ жазды. Ұйым өкілін бақылаушы ретінде учаске ғимаратында бос орын болмауына байланысты кіргізбеген. 

"УСК өкілі сайлау учаскесінің ғимаратындағы бақылаушыларға бөлінген орынның босауын күту туралы өтініш - рұқсат бермеу және тіркеуден бас тарту емес екенін түсіндірді.

Қоғамдық бақылаушыларға арналған орындар саннормалар мен COVID-19 таралуын болдырмау алгоритміне сәйкес орналасқан. Оны сот тексерді. Әлеуметтік қашықтық нормаларын бұзбай, бақылаушы келгенде оған орын беру мүмкін болмады.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекстің талаптары мен Бас мемлекеттік дәрігердің жоғарыда көрсетілген алгоритмді бекіту туралы қаулысының нормалары орындалуы міндетті. Осыған байланысты сот ҚҚ талаптарын қанағаттандырудан бас тартты", - деді сот өкілі.

Өтініш берушілердің заң талаптарын сақтамауына байланысты кейбір өтініш қабылданбағаны хабарланды. Олар УСК-ға нақты не үшін наразы екенін және қандай заң нормалары бұзылғанын көрсетпеген.

Еске салайық, Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау 10 қаңтарда өтті. Мәжіліске үш саяси партия өтті - Nur Otan (71,09 пайыз дауыс), "Ақ жол" (10,95 пайыз), ҚХП (9,10 пайыз).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная