ПОДЕЛИТЬСЯ
03 маусым 2019 | 09:11
Сайлауда алғаш рет дауыс беретін елордалықтарға сыйлық табысталады
Алдағы 9 маусымда өтетін президенттік сайлауда алғаш рет дауыс беретін елорданың 18 жастағы тұрғындары естелік сыйлықтарға ие болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, 23 мыңнан аса астаналық ҚР Президенті сайлауына алғаш рет қатысады.
Сондай-ақ, 9 маусымда туған күн иелері үшін футболка, кепка, кружка және басқа да көптеген сыйлықтардың тапсырылатыны айтылады.
"Әлеуметтік желілердегі сайлауға қатысуға қалалықтарды барынша тарту мақсатында "Ел жүрегі - Нұр-Сұлтан!" атты арнайы имидждік жоба іске қосылды. 9 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді қамтамасыз етеді", - делінген әкімдіктің хабарламасында.
Показать комментарии
Читайте также