24 желтоқсан 2020 17:01

Щучинск балабақшасындағы видеодан кейін екі тәрбиеші жұмыстан босатылды

Видеодан алынған кадр

Щучинск балабақшасындағы видеодан кейін екі тәрбиеші жұмыстан босатылды. Бұл туралы Ақмола облысының білім басқармасындағылар айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Щучинск балабақшасындағы видеодан кейін екі тәрбиеші жұмыстан босатылды. Бұл туралы Ақмола облысының білім басқармасындағылар айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Щучинскідегі "Ағажан" жекеменшік шағын орталығының ата-аналары балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа шағымданған.

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта тексеріс жүргізу үшін Бурабай ауданының білім бөлімі комиссия құрды. Сонымен қатар, білім басқармасының өкілдері жіберілді. 24 желтоқсаннан бастап жеке шағын орталықтың тәрбиешілері Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес тәрбие функцияларын орындайтын қызметкердің осы жұмысты жалғастыруымен үйлеспейтін теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылды", - деді білім басқармасындағылар.

Еске салайық, мұның алдында Щучинскідегі балабақшада баланы қорлаған тәрбиешінің видеосы тараған еді.
 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram