Щучинск маңындағы жол апатынан отбасы қаза тапты: сот үкім шығарды

Щучинск маңындағы жол апатынан отбасы қаза тапты: сот үкім шығарды Фото:depositphotos.com

Көкшетауда өткен жылдың тамыз айында Астана – Петропавл тасжолында үш адамнан тұратын бір отбасының өмірін қиған апатқа қатысты үкім шықты. Жол апатына кінәлі жүргізуші бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Сот ер адамның сағатына 100 шақырымнан жоғары жылдамдықпен жүргенін, оның үстіне телефонға алаңдағанын анықтады. Бұған қоса, ол таксиді сақтандыру полисінсіз басқарған.

Қайғылы оқиға Щучинск маңындағы тасжолда болды. Hyundai Elantra көлігі жоғары жылдамдықпен басып озбақ болып, қарсы бетке шығып кеткен және ВАЗ-2107 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. ВАЗ-2107 жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында тіл тартпай кетті, тағы бір адам ауруханада қайтыс болды. Шетелдік көліктің жолаушылары түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, деп еске салды телеарна.

Жарнама
Жарнама

Телеарна ақпаратынша, "Жигулидің" қаза тапқан жүргізушісі үш баланың әкесі болған және оларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырған. Қайғылы сәтте онымен бірге салонда ұлы мен қарындасы болған. Енді сотталған азамат қаза тапқандардың әрқайсысы үшін моральдық өтемақы ретінде 5-тен 8 миллион теңгеге дейін төлеуі тиіс.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама