11 ақпан 2024 18:09

Щучинскіде ер адамның жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған видеосы пайда болды

видео кадры

Щучинскіде жедел жәрдем жүргізушісіне ер адам шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Щучинскіде жедел жәрдем жүргізушісіне ер адам шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Интернетте видео пайда болды. Кадрларға қарағанда, оқиға жанармай құю бекеттерінің бірінде болған.

Реклама
Реклама

Куәгердің айтуынша, жедел жәрдем жүргізушісіне көлікке жанармай құйып жатқан кезде шабуыл жасалған.

"Бастапқыда жүргізуші көлігін дұрыс қоймай, жол бергісі келмеді. Жедел жәрдем бригадасы шақыруға асығып тұрған. Оқиға орны: Щучинск, Гелиос жанармай құю бекеті, 10.02.2024 жыл", - делінген видео сипаттамасында.

Полиция мәліметінше, бұл жағдай қазір тексеріліп жатыр.

"Ақмола облысының Полиция департаменті Щучинск қаласындағы жанар-жағармай құю бекетінде жедел жәрдем жүргізушісіне шабуылдаған ер адамды анықтады. Соталды тергеу амалдары басталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Ақмола облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram