ПОДЕЛИТЬСЯ
24 желтоқсан 2020 | 12:37
Щучинскідегі балабақшада болған оқиға: полиция қылмыстық іс қозғады
Ақмола облысының полиция қызметкерлері Бурабай ауданында балабақша тәрбиешісінің балаға қатыгездік көрсету дерегіне қатысты соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақмола облысының полиция қызметкерлері Бурабай ауданында балабақша тәрбиешісінің балаға қатыгездік көрсету дерегіне қатысты соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Осыған дейін әлеуметтік желіде баланы қорлаған тәрбиешінің видеосы тараған.
Полиция қаладағы шағын орталықтардың біріндегі тәрбиешінің балаға қатыгездік көрсеткен видеосын көрген.
"Мекеме қызметкерінің іс-әрекеті мен Щучинск тұрғынынан келіп түскен арызды назарға ала отырып, Бурабай ауданының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігі ("Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Осы баптың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға айыруды немесе 160 айлық есептік көрсеткішке (444 480 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салуды немесе 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 40 тәулікке дейін қамау түріндегі жазаны көздейді", - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда Ақмола облысының полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также