ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қазан 2023 | 15:24
Щучинскідегі студенттің өлімі: Тоқаевтың тапсырмасынан кейін 2 іс қозғалды
Щучинскіде жұмбақ жағдайда өлі табылған студенттің оқиғасын тергеу барысы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ-нің баспасөз қызметі мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Щучинскіде жұмбақ жағдайда өлі табылған студенттің оқиғасын тергеу барысы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ-нің баспасөз қызметі мәліметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Ақмола облысы Щучинск қаласының 19 жастағы тұрғынының өлімін жан-жақты тергеу бойынша берілген тапсырмасымен ІІМ орталық аппараты мен облыстық полиция департаменті қызметкерлерінің қатарынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орнына шықты", - делінген хабарламада.
Қосымша ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу"), сондай-ақ қаза тапқан адамның туыстарының одан ақша бопсаланды деген арызымен ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық істер қозғалғаны айтылды.
"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Алдын ала тергеу нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында", - делінген хабарламалда.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жарияланбайды.
Еске салайық, 6 қазанға қараған түні Щучинскідегі теміржол бойында Жоғары техникалық колледждің 4-курс студенті өлі табылған болатын.
Марқұмның есімі Роман Бодагов. Полиция мәліметінше, оның мәйіті Бурабай курорты мен Жамантұз арасындағы учаскеде теміржол бойында табылған. Қайғылы оқиғаға байланысты Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімшесінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқаны айтылды.
Кейінірек Мемлекет басшысы ішкі істер министріне Ақмола облысының Щучье қаласында болған студенттің өліміне қатысты барлық мән-жайды жан-жақты тексеруді тапсырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также