Щучинсктегі қайғылы оқиға: жаңа мәлімет белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Щучинсктегі қайғылы оқиға: жаңа мәлімет белгілі болды видео кадры

Щучинскте кафеде болған жарылыс салдарынан жеті адам қаза тапты. Ақмола облысы әкімдігінде қаза болғандардың алтауы мекеме қызметкерлері болғанын, тағы бір адам бойынша ақпарат нақтыланып жатқанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Щучинскте кафеде болған жарылыс салдарынан жеті адам қаза тапты. Ақмола облысы әкімдігінде қаза болғандардың алтауы мекеме қызметкерлері болғанын, тағы бір адам бойынша ақпарат нақтыланып жатқанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі қайғылы оқиға салдарынан алты қызметкер қаза тапқанын хабарлады. Қаза болған 16 жастағы қыз туралы ақпарат нақтыланып жатыр. Әкімдікте оның кафеде жұмыс істеген-істемегені тексеріліп жатқаны айтылды. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз анасымен бірге мекемеде болған, ал анасы осы жерде қызметкер болған. Әкімдік өкілдері қыздың анасы тірі екенін нақтылады.

Не болған?

Реклама
Реклама

Еске салайық, 26 ақпанда кешкі уақытта бес қабатты тұрғын үйге жалғасқан бір қабатты кафеде "газ-ауа қоспасынан жарылыс болып, кейіннен өрт шыққаны" тіркелген. Сол кезде алты адам қаза тауып, 20-ға жуық адам зардап шеккені хабарланды.

ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнына жеткеннен кейін өртсөндірушілер жанып жатқан ғимараттан сегіз газ баллонын алып шығып, 10-нан аса адамды құтқарған. Өрт сөндіріліп, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатқаны айтылды.

27 ақпанда барлығы 26 адам зардап шеккені, соның ішінде 7 адам қаза тапқаны (оның бірі - 16 жастағы қыз) белгілі болды. 13 адам Бурабай аудандық ауруханасына, 6 адам амбулаториялық бақылауға жіберілген.

Ақмола облысы ТЖД-де 8 (7162) 514-298 нөмірі бойынша жедел желі ашылды.

Жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқаны айтылды.

Куәгер не дейді?

Куәгердің айтуынша, бәрі кенеттен болған. Қатты жарылыс болып, ғимаратты өрт шарпыған. Кейін ішінен адамдар жүгіріп шыға бастаған.

"Бәрі өте тез болды. Бір секундта. Адамдар жүгіріп шықты. Бәрі күйік алған. Аспаздар, қызметкерлер, бәрі қардың үстіне құлап жатты. Барлығын сыртқа шығарып жатты. Мен жүгіріп бардым, сол жерде тәтемді көрдім, оны алып кетіп бара жатты, күйіп қалған, үсті-басы қан болды. Бәрі күйіп қалған, кейбірі шашсыз шықты, күртелерін тастап, жалаңаяқ жүгіріп шықты", – деді куәгер.

Осы өрт кезінде куәгер досынан айырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама