08 қыркүйек 2022 08:55

Сегізінші қабаттан құлап, ауруханаға түскен екі жасар бала қайтыс болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Павлодарда сегізінші қабаттан құлап кеткен бүлдіршіннің жүрегі тоқтап қалды. Екі жасар сәбидің өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер барын салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Көпқабатты тұрғын үйдің 8-қабатынан құлаған 2020 жылы дүниеге келген сәбидің жүрегі бүгін сағат 21.00-де тоқтады. Өкінішке қарай, оның өмірін сақтап қала алмадық", - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы жіберген хабарламада.

Еске салайық, қайғылы жағдай 6 қыркүйекте М.Жүсіп көшесі, 270-үйде болды. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі 4 минутта жетті. Бала Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, өте ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түскен еді. 

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram