Сейітқазы Матаевтың ісін елордалық сот өз қарауына алды

© Tengrinews.kz

Астана қаласының Есіл аудандық № 2 соты Сейітқазы Матаевқа қатысты қылмыстық істі өндіріске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қалалық сотының сайтына сілтеме жасап.

Соттың мәліметінше, Қазақстан журналистер Одағының басшысы, Ұлттық баспасөз клубының президенті бірнеше баптар бойынша айыпталуда: ҚР ҚК-нің 190-бабы, 4-бөлімі, 2-тармағы және 245-бабы, 3-бөлімі бойынша, сондай-ақ  ҚР ҚК-нің (16.07.1997 жылғы редакция) 177-бабының 4-бөлімінің "б" тармағы. Астананың аудандық сотына Сейітқазы Матаевтың ұлы - Әсеттің де ісі жіберілген, оған ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша айып тағылған.

Іс бойынша алдын ала сот тыңдауы 2016 жылы 3 тамызына сағат 10.00-ге белгіленген. Еске салайық, Сейітқазы Матаев үй қамауына алынған. Оны қоғамдық ақпараттық тапсырысты жүзеге асыру барысында қаражат жымқырды деп айыптауда.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама