Шекарада Қырғызстаннан елімізге ірі көлемде қару-жарақ алып өтпекші болған адам ұсталды

Шекарада Қырғызстаннан елімізге ірі көлемде қару-жарақ алып өтпекші болған адам ұсталды © Қырғызстан ІІМ

Қырғызстан шекарасында қазақстандық азаматтың көлігінен ірі көлемде қару-жарақ тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметі БАҚ-пен және қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап.

19 мамырда "Ақжол-автожол" бақылау-өткізу бекетінде қазақстандық азаматтың автомобилінен калибрі 9 миллиметр болатын 12 дана травматикалық қару, бір әскери сүңгі-пышақ, суырылмалы пышақ, кастет пен он оғы бар дыбыстық белгі беретін құрал табылды", - делінген хабарламада.

Ер адамның Қырғызстаннан Қазақстанға өтпекші болғаны анықталды. Ұсталған адам Қырғызстанның ІІМ өңірлік бөлімшеcінің қызметкерлеріне тапсырылды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама