ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қазан 2022 | 13:00
Секен Тұрысбек: "Көңіл толқыны" кешін Республика күніне арнаймын
19 қазан күні Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония сахнасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының академигі Секен Тұрысбектің "Көңіл толқыны" атты шығармашылық кеші өтті. Көрнекті күйші шығармаларды Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрімен бірге орындады. Қазақ оркестрінің бас дирижері - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері, профессор Айтқали Жайымов. Қазақ оркестрінің дирижері - мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов.

Халық даналығы: "Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра" дейді. Қазақтың жеті қазынасының бірі ұлттық аспабымыз домбырада ойнау өнері мен оның дамуына зор үлес қосқан Қазақстанның көрнекті композиторы, домбырашы Секен Тұрысбектың шығармашылығы өте жоғары бағаланады.
"Көңіл толқыны" кеші қарсаңында Секен ағамен әңгімелескен едік.
"Осыдан бірнеше жыл бұрын Нұрғиса Тілендиев атындағы "Отырар сазы" академиялық оркестрімен шығармашылық концерт өткіздік. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Сүйінбай атындағы облыстық филармония құрамында "Ақ жауын" Мемлекеттік камералық оркестрімен Республика сарайында концерт өткіздік. Сондай-ақ, Құрманғазы ұлттық оркестрімен Астрахань өлкесіне барып, Құрманғазы бабамыздың басында болып, ұлы күйшінің кесенесіне құран бағыштадық. Ары қарай Татарстанға барып, үлкен сарайда солистермен бірге концерт ұйымдастырылды. Ал бүгінгі күні Астана қаласында Қазақ оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекші Айтқали Жайымовтың жетекшілігімен жүзге жуық әртісі бар үлкен ұжыммен "Көңіл толқыны" шығармашылық кешін жоспарлап отырмыз. Бұрын да Қазақ оркестірімен 3-4 рет бірігіп концерт берген едік. Ата-бабамыз осы күнге дейін Тәуелсіздік үшін, бостандық үшін қаншама тер төкті. Осы жолы ұйымдастырылып отырған "Көңіл толқыны" кешін жақсылыққа ырымдап Республика күніне арнаймын. Еліміз үшін бұл үлкен қуаныш, үлкен мереке деп санаймын."
Шығармашылық кеш шымылдығы Секен Тұрысбектің "Ұлы дала" атты еңбегімен ашылды. Соынмен қатар, кеш қонақтары үшін "Құрмет" орденінің иегері Жанар Жүсіпованың орындауында "Төлегетай баба" күйі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Қиылымханның орындауында "Асыл ана" әні, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайыржан Бердібайдың орындауында Абайдың өлеңіне жазылған "Мен бір жұмбақ адаммын", Гүлмира Саринаның орындауында "Қоңыр жел" және өзге де туындылар шырқалды.
Сондай-ақ, Секен Тұрысбектің "Күлтегін", "Көк бөрі", "Ақжайлау", "Ерке құсым", "Жазғы қар", "Ұлы дала", "Дарабоз", "Көңіл толқыны" күйлері және басқа да танымал шығармалары орындалады.
Қазақ жұртшылығы сазгердің шығармашылығын жоғары бағалайды: Секен Тұрысбек "Көңіл толқыны" атты алғашқы күйін 24 жасында шығарған. Яғни, күйшінің орындауында 37 жыл шырқалып келеді. Осы уақытқа дейін бірнеше рет оранжировкадан өтіп, эстрадаға да өңделіп, жетіген аспабына дейін өндеуден өтті. Одан әрі сазгердің "Ақ жауын", "Аруана", "Өкініш" сынды аңызға айналған күй топтамалары жарық көрді. Секен Тұрысбектің күйлері шет елдерде орындалады, әсіресе Жапония мен Қытайда, Франция мен Италияда халықтың ерекше ықыласына бөленді. Ал Германияда екі пианист төрт саусақтап керемет нақышта орындады. Күйшінің бірнеше шығармалары қазақ көркем фильмдерінен тыңдауға болады,соның ішінде "Батыр баян" фильмінің музыкасы Секен ағаның күйлерімен сүйемелденген.
Показать комментарии
Читайте также