Семейде Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды

© ШҚО Ақпарат орталығы

Семейде ?аза?стан Республикасы Т?уелсіздігіні? 25 жылды?ына орай Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды. Физика-математикалы? ба?ытта о?ытатын жа?а мектеп 720 орын?а арнал?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ш?О А?парат орталы?ына сілтеме жасап.

Семейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды. Физика-математикалық бағытта оқытатын жаңа мектеп 720 орынға арналған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Мектептің ашылу салтанатымен құттықтаған облыс әкімі Даниал Ахметов жаңа білім ошағының оқушыларына ізгі тілегін білдірді.

Реклама
Реклама

Құрылысы 2,5 жылғы созылған жаңа оқу кешенінің бір ерекшелігі, алыс ауыл-аймақтан келген оқушыларға арналған жатын корпусы салынған. Бүгінгі күні аймақтан жалпы саны 645 бала заияткерлік мектепке іріктелініп алынды. Жаңа құралдармен жабдықталған химия, физика, биология зертханаларынан бөлек, нанотехнология, биотехнология, робототехника сыныптары оқушының ғылыми жұмыспен айналысуына қолайлы жағдай туғызбақ.

Кембридж халықаралық емтихан орталығымен бірлесе құралған оқу бағдарламасымен оқытатын Назарбаев зияткерлік мектебі халықаралық стандартқа сай бағалау үрдісін жүргізетін болады. Ал оқушыларға "Болашақ" бағдарламасы бойынша тәжірибеден өткен 122 педагог білім беріп, "IELTS", "SET" сынды халықаралық курсқа әзірлейді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама